Өскеменде қатты аяздан мектептерде сабақтар тоқтатылды

ТЖБ мәліметтері бойынша, сағат 6.00 Өскеменде ауа температурасы 32 градусқа төмендеді. "Осы себептермен бүгін қаладағы барлық мектептердің 1-4 сыныптары үшін сабақты тоқтату жөнінде шешім қабылданды ", - деді төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері.

Ауа райын болжау орталығы қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, күндіз қалада ауа температурасы 22 грудусқа дейін төмендейді.