Өскеменде қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткіш қирап тұр

Бәрінен де монументтің әзер ілініп тұрған кірпіштерінен қатер көп. Қасына келген біреудің басына түсіп, жаралауы мүмкін. Жалпы, бұл ескерткіш Кеңес заманында майданнан оралмай қалған қазақ жауынгерлерінің құрметіне арнап салынған екен. Бірақ сол уақыттан бері оған жөндеу жүргізілмепті. Тұрғындар жергілікті билік ең болмағанда жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жөндер деп үміттенген. Алайда бұған шенеуніктер мән берер емес. Яғни ескерткішті жөндеуге бюджет есебінен ақша бөлінбейді. Тұрғындар соған қапалы.


Танзиля Даутова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Енді алда Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр. Монументті ретке келтіру керек қой. Қараңыздаршы сиқын. Батырларға тағзым жасайтын жерге ұқсай ма?

Loading...