Өскеменде Қазақстандағы президент сайлауына бақылаушылық жасауға құқығы жоқ шетелдіктердің жүргені анықталды

Ішкі істер департаментінен хабарлағанындай, "Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің Өскемендік филиалының жетекшісі полицияға шағым түсірді. Онда өздерін Еуропалық сайлауларға бақылау жасау ұйымдары желісінің бақылаушыларымыз деп таныстырған Беларусь азаматы Владимир Лабкович пен Қырғызстан азаматы Болот Базарбаев есімді екі адам сайлау кезінде социологиялық сауалнамалар жүргізу әдістемесіне қызығушылық танытқанын хабарлады. Бірақ олардың қолында Қазақстандағы сайлауға бақылаушылық жасауға құқық беретін құжаттары болмай шыққан.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, аталмыш адамдар Қазақстанда бақылаушы ретінде аккредитацияланбаған.
Олардың әрекеті "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңа қайшы.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы В.Лабкович пен Б.Базарбаевтың Қазақстанда болу мерзімін 2005-жылдың 10-қарашасына дейін қысқарту туралы таныстыру жасады.