Өскеменде қоғамдық көліктегі арзан жолақыны сақтап қалады

"Барлық жеңілдіктер 2008 жылдың 1 мамырына дейін сақталады. 2008 жылдың 1 мамырынан бастап қала бюджетінің қаржысы есебінен зейнеткерлерге (58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер адамдарға) 50 проценттік жеңілдік көлемінде, немесе, 2008 жылдың 1 мамыры мен 1 қарашасы аралығында саяжай маусымында 20 теңгеге жеңілдік көрсетіледі", - деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаладағы көліктермен тегін жүру құқығына 70 жастан асқан қарттар ғана ие. Бұрын бұл жеңілдікке 1931 жылдың 31 -желтоқсанына дейін туған қала тұрғындары ие болып келген. 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап осындай жеңілдікке 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін туған қала тұрғындары ие болады (70 -тен жоғары жастағылар). Бұл жеңілдікті жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындар ұсынуда.

"Қазір 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне жолақы төлеуде жеңілдік көрсету мәселесі қарастырылуда. Қалалық бюджеттен саяжай маусымында зейнеткерлер мен мүгедектерге бөлінетін өтемақы 104 млн теңгені құрамақ. Студенттерге жеңілдік көрсету мәселесі шешілген жағдайда бюджеттен бөлінетін қаржы тағы 48 млн теңгеге артады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.