Өрт сөндіру қызметі келгенде қоймалардағы бар дүние өртеніп біткен. Құтқарушыларға оның ортасына жету үшін біраз уақыт тер төгуге тура келді. Онда сақталған құрылыс заттары тез жанып, айнала қара түтінге толып, өрт сөндірушілерді әбден абдыратқан. Оттың екпінін басуға қосымша күштер мен техника тартылып, 700 шаршы метрді шарпыған өрт 12 сағатта әрең сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген.