Бір тәулікте Өскеменде қолайсыз ауа райы салдарынан такси қызметіне сұраныс артты, сәйкесінше қызмет құны да өскен, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қатты жауған қар, көктайғақ және соның салдарынан орын алған Өскемен жолдарындағы кептелістер адамдардың қоғамдық көлікпен жүруін қиындатты. Табиғи құбылыс салдарынан орын алған қолайсыздықты таксишілер пайдаланып қалуда. Олар өздерінің қызмет құнын 20-50%, ал кейбірі тіпті 100% қымбаттатып жіберген», - деді қала тұрғыны.
Оның айтуынша, Аparu такси қызметінде жол құны 20% қымбаттаған.
Көптеген қала тұрғыны жағдайға наразылықтарын білдіруде, оның үстіне, қараша айынан бастап Аparu өз қызметтерін Т350-ден Т400 дейін қымбаттатқан болатын.