Күннің екінші жартысында аталмыш туындының таныстырылымы өтетін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың хабарлауынша, фильм ҚР Сыртқы істер министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген және онда 1947 жылдан біздің заманымызға дейінгі Семей полигонының тарихы бейнеленген.
Фильм авторы - «29 тамыздың полигоны» халықаралық қоғамдық қор кеңесінің төрағасы, Семей өңірі бойынша ведомствоаралық үкіметтік комиссияның мүшесі, өзінің әкесі Кешірім Бозтаевтың ізін жаластырушы баласы Нұрлан болып табылады. Фильмді талқылауға К.Бозтаевтың қызметтестері, жергілікті ақын-жазушылар, ұстаздар мен студенттер қауымы және БАҚ өкілдері қатысады.