Ең алғашқы матчтар «Қазақмыс» пен «Бейбарыс» командалары арасында өтеді. Жалпы тамыздың 19-ы мен 28-і аралығында Қазақстанның кубогі үшін 8 команда таласатын болады. Дода қарсаңында еліміздің хоккей федерациясы, кеше, сәрсенбі күні Өскеменде турнирдің бас сыйлығы - Қазақстан кубогінің таныстырылымын өткізді.
Жекелей атайтын болсақ, турнирдің А тобында Қарағандының «Сарыарқа», Рудныйдың «Горняк», Көкшетаудың «Арлан», Астананың «Барыс» командалары, В тобында Атыраудың «Бейбарыс», Өскеменнің «Қазмырыш - Торпедо», Павлодар қаласының «Ертіс-Павлодар» және Сәтпаевтің «Қазақмыс» клубтары күш сынасатын болады.