Өскеменде суға батып бара жатқан баланы құтқармақ болған ресейлік азаматша қаза тапты


Бейсенбіде облыстық ТЖ департаментінен таралған ақпаратқа қарағанда, кеше кешке өзенге бес жастағы ұл бала құлап кеткен, оны өзен ағысы әкеткен.
"1973 жылы туылған РФ азаматшасы оны көріп, суға секірген, екеуін де су ағысы әкетіп қалған”, делінген онда.
Ресейлік азаматшаның денесін судан құтқарушылар алып шықты, ұл баланың мәйіті әлі іздестіріліп жатыр.