Өскеменде суға батырып өлтірмек болған алты жасар баланы құтқарып қалды

Өскеменде 50 жастағы әйел алтыдағы баласын суға батырып өлтірмек болған.


           Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні полицияға қоңырау шалған 15 жасар жасөспірім бейтаныс әйелдің кішкентай баланы өлтірмекші болғанын хабарлаған.
           Жасөспірім дене түршіктіретін оқиғаны достарымен бірге шомылуға барған кезде көріпті.
           Ол әйелдің баланы шешіндіріп, суға батырып жібермек болғанын аңғарып, баланы құтқаруға асыққан. Содан соң құтқарушыларға, полиция мен «жедел жәрдемге» қоңырау шалған.
           Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әйел психоневрологиялық диспансерге орналастырылған.
           Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.