Өскеменде таңертең екі Нұрсұлтан дүниеге келді

Екі ұл баланың атын жас ата-анасы Нұрсұлтан деп қойды, деп хабарлады Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова.

Тұңғыш Президент күнінде туылған барлық алты баланың анасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сыйлық тапсырды.

Шығыс Қазақстанда бүгін барлығы 28 нәресте дүниеге келді.

Биылғы жылдың 11 айы ішінде аймақта 8 мың кішкендай шығысқазақстандық дүни есігін ашты, бұл өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай көп.


Өскемен перзентханасы медицина қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, туу блогы толып кеткен және сол тәулік аяқталғанға дейін тағы бірнеше нәресте дүниеге келуі мүмкін.