Өскеменде тәулік ішінде түскен қар жарты айлық көрсеткішке жетті

"18 желтоқсанда облыс орталығында, 16 мм қар түсті. Ал айлық көрсеткіш 36 мм құрайды. Қар жамылғысы 29 сантиметрге ұлғайды. Қалада қардың түсуі 23 желтоқсанға дейін тоқтамайды" деп топшылап отыр ШҚО ауа-райын болжау орталығының қызметкерлері.

ШҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің деректері бойынша, " областық және республикалық маңызы бар тас жолдары барлық бағыттарда ашық".