Мына көше қаланы екіге бөліп жатқан Үлбі өзеніне жақын жатқандықтан төтенше жағдай қызметі алдын-алу шараларын алдымен осы жерде өткізбек болды. Алайда, ұзын көшенің бойындағы бірде-бір тұрғын есігін ашпағаны былай тұрсын, босағадан сығалатқандары берген ескертпе қағазға да қол созған жоқ. Өз күшімізбен есіктің алдын қардан тазартып, жылғалардың көзін ашып, қамданып қойдық дейді жұрт.
Виктор Хален, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Тасқын су келсе мына бір парақ қағазбен құтыла аламыз ба?! Көзбояушылыққой бұлары. Тіпті күлкіңді келтіреді. Өзеннің жағасын бекітумен айналыссын одан да.