Өскеменде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері адамдарды өлтіргені үшін жоғарғы жазаға тартылды

"2007 жылдың 3 тамызында Кедровка шатқалындағы Риддердің төрт тұрғынының өліміне қатысты сот процессі аяқталды ", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

"Риддердің үш тұрғыны түрлі- түсті металдарды қабылдайтын пунктке қарақшылық шабуыл жасаған. Екі кезікпен дөңайбат көрсетіп, сейфтен 230 мың теңгені алған. Содан кейін екі күзетші мен сол жерде болған екі 17 жасар баланы тайгаға әкеткен. Оларды бір-бірлеп кезекпен көліктен шығарып, салқынқандылықпен желкеден атқан", - деді баспасөз қызметінің басшысы Лариса Поломошнова. "Олар ақшаны тең бөлісіп, өлтірілген адамның көлігін тайгада өртеген ", - деп толықтырды өз сөзін ол.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қабылдау пунктіне шабуыл жасау жөнінде ұсынысты қылмыстық топ мүшелерінің бірі айтқан. "Оның екі немере ағайындылары көмек көрсеткен. Оның бірі жүргізуші болып, бұдан бұрын біреуге дене жарақатын келтіргені үшін сотталған болатын ", - деді Л. Поломошнова.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай,"Шығыс -Қазақстан облыстық соты барлық үш адамды жоғары жазаға тартып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жөнінде шешім шығарды. Олар жазасын ерекше режимдегі колониясында өтейтін болады".