Өскеменде үлкен шудан соң Абайды масқаралаған ескерткіш алынып тасталды


Ескерткіш орнатыла салысымен әлеуметтік желілерде оның сұрықсыз кейпіне қатысты әртүрлі сыни пікірлер қаптап кетті. Масқара мүсіндерге біреулер тіпті түрлі теңеулер тауып, дарынсыз мүсіншінің бұл еңбегіне «Карлик» деген атау қойса, енді біреулер оны өз-өзін ұялы телефонмен түсіріп тұрғандарға ұқсатты. «Ұялған тек тұрмас» демекші, қос ақынның ескерткішін шенеуніктер осыдан кейін көзден таса жерге әкетуге асыққан. Ақыры, бір тәуліктен соң, ұсқынсыз ескерткішті орнынан алып тастапты. Мүсін қоямыз деп әбден масқара болған шенеуніктер енді бұған түсініктеме беруден де бас тартып отыр.