Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр


5 сәуірге дейін созылатын бұл сайысқа жарыс қожайындарының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», Хромтаудың «ТНК Қазхром», Алматының «Алматы», Оралдың «Конденсат», Қызылжардың «Есіл» және Атыраудың «Атырау» командалары қатысуда. Жарыстың алғашқы күні алматылықтар қызылжарлықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал хромтаулықтар мен атыраулықтар, өскемендіктер мен оралдықтар арасындағы ойын 3:2 есебімен аяқталды. Бүгін енді «Алматы» мен «ТНК Қазхром», «Есіл» мен «Конденсат», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Атырау» өзара сайысқа түседі. Жалпы, бұған дейінгі 4 турда алматылықтар - 37, хромтаулықтар - 35, өскемендіктер - 31, орал мен атыраулықтар -26, қызылжарлықтар - 25 ұпай жинаған болатын.