«Фильм бюджеті $1,8 млн. Түсірілімдері үш қалада - Өскеменде, Астанада және Будапеште өтті. Сюжет негізінде – 90-шы жылдардың аяғындағы елдегі ядролық материалдардан арылу туралы шешім қабылданғандағы нақты оқиғалар алынды. Құпия операция «Сапфир» деп аталды, деді фильмнің таныстырылымында режиссер И. Вовнянко.
Режиссер бұл фильмнің сценариінің идеясын ҰҚК басшылығы айтты дейді. Фильмнің негізіне нақты мұрағаттар, Қазақстан мен АҚШ президенттерінің келіссөздері туралы мәліметтер алынды. Бұл ретте, уран қоры сақтаулы тұрған Үлбі металлургиялық зауыттың құпиялығына байланысты фильмнің көптеген сюжеттері арнайы жасалған павильонда түсірілді.
Көрермендерге қызықты болуы үшін фильмде экшн элементтері қолданылды. Басты кейіпкерлер – ұлттық қауіпсіздік қызметінің агенттері, теріс кейіпкерлер – ядролық материалды ұрлағысы келгендер, әлеуетті лаңкесшілер. Актерлер арасында - Ивар Калныньш, Нұржаман Ықтымбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов және басқалар бар.