Өскеменде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтуде

Қыркүйектің 1-інде басталған бұл бәсеке ертең аяқталады. Алғашқы 3 күнде топтық кезеңнің сайыстары өтті. Онда өз тобында 1-2 орын алған «Конденсат», «Есіл», «Динамо-Қазығұрт», «Ұшқын-ҚазҰАУ», «Ертіс-АО АҚ» және «Тараз-ТарМУ» сайыстың келесі кезеңіне шығу үшін, ал өзге командалар 7-10 орындар үшін таласуда. Бұл сында «есілдіктер» тараздықтарды 3:0, оралдықтарды (Конденсат) 3:1, қазығұрттықтар оралдықтар мен павлодарлықтарды (Ертіс-АО АҚ) 3:0 есебімен ұтты. Ал өскемендіктер (Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 3) теміртаулықтарға (ВСМК Арселормиттал) 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, алматылықтар (Ұшқын-ҚазУАУ) павлодарлықтардан (3:1) басым түскенімен қазығұрттықтарға (0:3) есе жіберді.