Қазір алғашқы 4 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 37 ұпаймен алматылықтар көш бастап келеді. Оларды 35 ұпаймен Хромтаудың "ТНК Қазхром" мен 31 ұпаймен Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы" өкшелеп келе жатыр. Ал "Конденсат" (Орал) пен "Атырауда" - 26, "Есілде" (Қызылжар) - 25 ұпай бар. Жалпы ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша 6 турға созылатынынын ескерсек, бұл сайыс өскемендіктер үшін көш басындағы командалармен арадағы ұпай айырмасын қысқарту жолындағы соңғы мүмкіндіктердің бірі болмақ. Олар бұл жолы алғашқы 2 ойынын Орал мен Атыраудан, соңғы кездесуін Қызылжар қаласынан келген волейболшылармен өткізетін болады. Ал негізгі сын 2-сәуірде "Алматымен", одан кейін 4-сәуірде "ТНК Қазхром" командасымен болмақ.