Өскеменде "Заманауи қала" атты бағдарлама жасалды

"Заманауи қала" бағдарламасы 2008 - 2011 жылдарға арналған. Бағдарламаның мақсаты - жанға жайлы тіршілік жағдайын қамтамасыз ететін қауіпсіз әрі абаттанған қалалық орта құру.

Бағдарлама қаладағы ортаны біртіндеп жетілдіре түсу, әлеуметтік нормативтерді ескере отырып аумақтарда кешенді құрылыстарды жүргізу, қала тұрғындары үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды қалыптастыру, Өскеменде тепе-тең әлеуметтік құрылым құру міндеттерін көздейді.

Сонымен бірге, бағдарламада кедейліктің нұқсандарын жұмсарту, әлеуметтік теңсіздікті жою, біртұтас мәдени кеңістікті қолдау, қаладағы тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу, қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту қарастырылған.