Өскеменде жаңа типтік тұрғын үй бағасының төмендегені байқалады

"2008 жылдың 4 айында жаңа типтік тұрғын үй 3,5 пайызға, қайта сатылатын көріктендірілген тұрғын үй - 0,8 пайызға арзандаған. Көріктендірілмеген тұрғын үй мен элиталық үйлердің тиісінше 7,5 және 2,9 пайызға қымбаттағаны атап өтілді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Басқарма ақпаратына сүйенсек, 2007 жылдың орта бағасымен салыстырғанда сәуір айындағы баға жоғары қалпында сақталуда: жаңа типтік тұрғын үйдің сатылу бағасы 12,5 пайызға, көріктендірілген үйді қайта сатуға - 12 пайызға, көріктендірілмегенді - 19,8 пайызға, элиталық - 43,3 пайызға қымбаттаған.

"Өскемен қаласындағы жаңа тұрғын үйлердің баға көрсеткіші республиканың орта көрсеткішінен 29,6 пайызға, екінші нарықтағы элиталық тұрғын үй 14 пайызға төмен болса, көріктендірілмеген тұрғын үйлер керісінше, Қазақстандағы орташа бағадан 12,7 пайызға қымбат болып шықты. Қайта сатылатын кқріктендірілген тұрғын үйдің бағасы республикалық деңгеймен шамалас", - деп атап көрсетті статистика басқармасы.