Өскеменде жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан күдіктілер ұсталды

№37 мектеп ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама 22-қыркүйек күні түнгі 1 сағат 24 минутта "02" пультіне келіп түскен. Арнаулы шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Алайда, тергеу мекемелері телефон қоңырауын шалғандар 17 жастағы бозбала мен 25 жастағы жігітті анықтап қолға түсірді.