Тілектес Жұмабаев, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Киініп жатқан кезде әйелдің суға кіргенін байқадық. Қолындағы баланы өзенге батырғанын көргенімізде сол жаққа қарай жүгірдім. Жанталасып, шыңғырған бүлдіршінді қолынан жұлып алып жағаға алып шықтым.
Жеткіншектер баланы судан алып шығысымен бірден жедел жәрдем қызметі мен тәртіп сақшыларын шақырыпты. Әзірге мұндай әрекетке әйелді не итермелегені белгісіз. Оны тергеушілер анықтамақ. Ал ажал құша жаздаған бүлдіршіннің денсаулығына қазір еш қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Тәртіп сақшылары қатыгез анаға қатысты бірден қылмыстық іс қозғап, ақыл-есінің дұрыстығын тексеруде.