Өскеменде жеті жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды

"Жеті жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, тағы тоғызының тағдыры сотта қаралып жатыр. Қалалық әкімдіктің Өскемендегі қала құрылысы қызметін пәрмендендіру мен күшейту жұмыстарының алғашқы нәтижесі осындай. Қалалық атқарушы билік жер телімдеріне санақ жүргізу және тексеру жұмыстарын бастады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.