Филология факультетінің 23 жастағы студенті ірі сомадағы қаржымен 14 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен. 13 сәуірде 180 мың ақшаны бастығына апару қажет-тін. Кешке ол телефонға жауап бермеген. Содан бері еріктілер Ақжолды іздеп, оның жоғалғаны туралы ақпарат таратты.
ШҚО ІІД-де оны өңірден іздеген. Ақжолды соңғы рет полицейлер Семейде видеобақылаулардың бірінен байқаған. Ол вокзал жақта жүрген.
«Полицейлер оның басқа өңірге кетуі мүмкін екенін болжап, полицейлер жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізді. Оны Қарағандыға жақын жерден аман-сау қалпында тапты. Жігіт үйіне жеткізілді», - деді департамент баспасөз қызметінің басшысы Б. Торғаев.
Ақжол Серіктің туыстары түсінік беруден бас тартты.