Өскеменде жол апатынан 5 адам зардап шекті


«Мерседес» машинасының жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, алдына келіп қалған көлікке соғылған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Полицияда атап өткендей, 2013 жылы тіркелген 456 жол-көлік оқиғасының 113-і жүргізушілердің жолдың қарсы бетіне шығу салдарынан орын алған. Кез-келген көлік қақтығысулары, әдетте, адамдардың ауыр жарақат алуына, тіпті, өлімге әкеліп соғуы мүмкін.