Өскеменде жұрттың көңілі толмаған ескерткіш қиратылды

Оны жергілікті коммуналдық қызмет өкілдері қиратыпты. Олар ескертішті бүлдірмей, байланыс желілерін тартып болған соң, басқа жерге көшіруге тиіс болған. Бірақ ауыр соққыға төтеп бермеген алып кірқыстырғыш опырылып қалды. Жергілікті билік кінәлілерге кешірім бергенімен, айыппұл төлейтіндерін ескертті. Жалпы, бұл Өскеменде жұрттың наразылығын тудырған жалғыз ескерткіш емес. Былтыр Абай мен Михаэлистің мүсіні бір тәуліктен артық тұрмай алынып тасталған болатын. Өйткені онда ұлы ақын ергежейлі сияқты бейнеленген. Ал кірқыстырғышқа қойылған ескерткіш одан сайын ашу-ыза тудырды.

Галина Игнатенко, Өскемен қаласының тұрғыны:

–Бізде ескерткіш қоятын тұлғалар аз ба? Түкке тұрғысыз нәрсеге қаржы жұмсағанша, жастарға үлгі болар батырларымызды неге ұлықтамасқа?

Loading...