Өскеменде жыл иесінің «үйлену тойы» өтті


Осында жеті жылдан бері жападан-жалғыз тұрған Полковник атты пониге бақ қызметкерлері «қалыңдық» тауып берді. Енді тапал жылқы бұдан былай Ұлан ауданынан әкелінген Панночкамен бірге тұрады. Жануарлар бағының қызметкерлері бір жағынан келушілерге қызық болуы үшін, сонымен қатар таяуда ғана табалдырық аттаған жылқы жылының құрметіне орай осындай шешімге келген. Осылайша жануарлар бағының мамандары понидің санын көбейтуді көздеп отыр, деп жазады 24.kz.