Өскеменде жылу электр стансасынан өрт шыққан


Кеше күндізгі сағат 16-лар шамасында мұнда 40 метрлік транспортерлік таспа, электр кабелі мен бункердегі 20 тонна көмір тұтанған. 

Аумағы 40 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау сағат түнгі 22-лер шамасында ауыздықталды. Оны сөндіру жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 65 адамы мен 16 техникасы, ҚР ТЖД 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.