Өскеменде жылу электр стансасында өрт шықты

Өскемен жылу электр стансасында градильдік ғимаратының шатыры және оның технологиялық процеске қосылмаған пластикалық тетіктері - шамамен 400 шаршы метр аумақ өртеніп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО ТЖ департаментінің хабаррлауынша, өртті сөндіруге 20 дана техника мен жеке құрамнан 80 адам жұмылдырылған. Өрттің мән-жайы мен себептері анықталуда. Оқиға орнында сынамалы өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Градильдік орын бұл - суды суыту қондырғысы, онда қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Өрттен өзге цехтарға қауіп төніп тұрған жоқ және оқыс оқиға ЖЭС жұмысына кедергі келтірмеді.