""Өскемен жылу желілері" АҚ мәліметіне сәйкес, 30 қыркүйекте облыс орталығында 16 балабақша жылуға қосылды, ал 1 қазаннан бастап басқа да білім беру мекемелеріне жылу беріле бастайды", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.
Дайындық актісі бар үйлерге де жылу беріле бастамақ. Өскеменде шамамен 1600 тұрғын үй бар, олардың басым бөлігі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.