Өскемендегі Аманжолов университетінде Қазақстанда жоқ мамандық ашылды

Жаңа оқу жылынан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ республикада тұңғыш болып цифрлы гуманитаристика мамандарын дайындайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа мамандық аталмыш ЖОО-ның тарих факультетінде ашылды.

Түсіндіреміз: Цифрлы гуманитаристика – гуманитарлы-әлеуметтік ғылымдар мен компьютер технологиясындағы әдістеме мен тәжірибені ұштастыра алады. Бұл мамандарға музейлерде, архивтерде, білім мекемелерінде және археологиялық зерттеу жұмыстарында сұраныс көп.

– Мысалы, GIS-технологияларын меңгерген бұл мамандар археология саласына ауадай қажет. Өйткені олар аэрофототүсірілім жасап, материалдарды өңдеп һәм қайта құрастыра алады, – дейді университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жанна Әубәкірова.