Өскемендегі ірі кәсіпорындарда қысқарту болмайды

Бұған ел үкіметінің жергілікті атқарушы билікке берген арнайы тапсырмасы түрткі болды.

Бұл шараға Өскемен қаласындағы бірқатар кәсіпорынның басшылары түсіністікпен қарап отыр. Олардың қатарында Өскемен металл-құрылғылар зауыты, Технологиялық құрал-жабдықтар зауыты, Өскемен жылу жүйелері, «Промтехмонтаж» сияқты ірі кәсіпорындар бар.

Ақпанның 10-ына дейінгі аралықта тағы бірқатар кәсіпорын басшыларымен мәмілеге келу көзделуде. Осы жолы әкімдікпен келісімге отырған әрбір кәсіпорында 200-ден 500 адамға дейін жұмыс істейді.