Өскемендегі «Казцинк» -те апат болып, қаланы күкірт диоксиді басты


Өндіріс орнында улы газдарды ауаға жібермей, сұйылтатын құбыр орнатылған. Бірақ бұл жолғы апаттың күтштілігі соншалық ол қондырғы істен шығып, күкірт диоксиді ауаға тарап кеткен. Салдарынан бес минуттай қала ауасы қошқыл сары түске боялып тұрды. Түтін тез тарқап кеткенімен, жағымсыз иіс әлі де сақталуда. Синоптиктер дабыл қағып, бүгін жұртқа далаға шықпауға ескерту жасады. Ал апат орын алған мырыш цехтарының маңайында қазір мобилді экологиялық зертхана- ауадағы  зиянды заттардың бар-жоғын анықтауға кірісті.