"Светоч" бау-бақша қоғамдастығының күзетшісі хабарлағандай, 28 сәуір күні ер азамат өзінің әйелі мен енесін өлтіріп, олардың денелерін жертөлеге жасырыпты. Оның айтуынша, күдікті азамат 30 сәуір күні ұсталып, өзінің жасаған қылмысын мойындаған екен.
Оқиға орнына сол күні полицейлер барып, тергеу амалдарын бастап кеткен. ШҚО ІІД өкілдері әзірге бұл жайтқа байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартыпты. Әйелдердің нақты неден өлгені, жанжалға не себеп болғаны енді анықталады дейді полицейлер.
Бір белгілісі, қайтыс болған әйел мен күдікті ер азаматтың кішкентай ұл баласы болған.