Өскеменді қалыңдығы 25 см болатын қар басып қалды

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. Қазіргі таңда қаладағы жағдайды реттеу үшін 66 арнайы техника бірлігі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Стан.кз.

Қалалық ТЖБ мамандары тұрғындарға басқа қалаға жақын арада шықпауға кеңес беруде. Сонымен қатар құтқарушылар барынша қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі туралы да ескертті:

  • Көшеде жарнамалық тақталар мен солқылдақ құрылыс нысандарын айналып өту қажет.

  • Мүмкіндігінше автокөлікті гаражға кіргізген дұрыс. Ал гараж болмаған жағдайда көлікті ағаш пен әлсіз құрылыс нысанасынан алыс жерге қойыңыз.
  • Жолда арақашықтықты сақтап, айналып өту әрекеттерін жасамаңыз. Қиылыстарда мейлінше абай болып, бұрылар алдында жылдамдықты төмендетіп, көшеге мұқият қарап алыңыз. Егер қыс айларында өзіңіздің көлік жүргізу қабілетіңізге сенімді болмасаңыз немесе автокөлік қысқы жағдайға дайын болмаса, онда жолға шықпаған абзал.