Өскемендік экологтар қаланы басқан көк түтінді зиянсыз деп тапты

Өйткені жер үйлердің қысқа мұржасынан шыққан түтін сейілмей, қалада қалып қояды екен. Ал зауыттардан шыққан газ тіпті облыс орталығының аумағынан асып кетеді-міс. Экологтардың бұл сөзі төтенше жағдайлар қызметінің таратқан хабарландыруына кереғар боп тұр. Олар алдағы күндері далаға шықпауға кеңес берді. Дәрігерлер де қара тұман басталғалы екі апта ішінде өкпесі ауырып, ауруханаға түскендердің көбейгенін растады. Ауадағы улы заттар рұқсат етілген мөлшерден 3 есе көбейіп кеткен. Бұған қарамастан экологтар ешқандай қауіптің жоқ екенін айтып, міз бақпады.

Елена Филиппова, ШҚО экология департаментінің бас маманы:

- Зауыттардағы құбырдан шыққан газ атмосфераға жайылмайды. Мәселен, қаланы жылытып отырған қазандықарға қараңыздар. Олардың биік мұржаларынан шыққан түтін бірден аппақ боп сейіліп кетеді. Мұнда да сол жағдай.  

Loading...