Өскемендік мамандар жағымсыз иіске қарсы тың әдіс ойлап тапты

Өскемендегі су арнасы мекемесінің мамандары кәріз қалдығынан келетін жағымсыз иісті жоюдың тың әдісін жүзеге асырмақ, деп хабарлады 24.кз.

 Олар бұл тұрғыда канадалық әріптестерінің тәжірибесін пайдаланбақ. Құны 111 млн теңгелік эко-жоба арқылы тұнбалық шұңқырларға иіске қарсы арнайы ерітінді өткізілетін жүйе орнатылады. Жаңа құрылғы қыркүйек айынан бастап қолданыcқа енгізіледі. Ең маңыздысы, тың әдісті жүзеге асыруда тұрғындардан қосымша төлем алынбайды.

- Метеостансада құрылғыны орнату жұмыстары жүріп жатыр. Желдің күшіне, температурасына қарай сұйықтықты өткізу көлемі ауыстырылып отырады. Нәтижесінде жағымсыз иіс толықтай жойылады, дейді «Өскемен-Водоканал» КММ бөлім жетекшісі Наталья Лукерина.