Өскемендік өрт сөндірушікөлігімен зейнеткерді қағып өлтіре жаздады

Тапа тал түсте көліктің астында қалған қарияның ауруханада жатқанына осымен екінші апта. Жамбасы сынған. Жуық арада төсектен тұра қоюы да екіталай.  

Самаржан Закирова, зардап шегуші:

-Пешеходтан өттім. Алдымда балалар өтіп кетті. Мен үш қадам жасадым,  мені машина қағып кетті.

Көліктің иесі қағып кеткенімен, қашпапты. Кейуананы үйінің алдына дейін жеткізіп тастаған. Самаржай апа сол жерде талып құлап, ұзақ жатып қалса керек. Тек көршілері көріп, жедел жәрдем шақырған.

Айман Нұрғабылова, зардап шегушінің қызы:

-Қағып кеткен бала ол офицер ЧС-те істейді. Қалай ол офицер болып ЧС-те жұмыс істейді? Министр Божкодан осыны сұрағым келеді. Бұндай офицерді қалай жұмысқа алуға бола ма?

-Оқиға мына көшедегі дәл осы қиылыста болған. Таңертең немересін балабақшаға апарып қайтып келе жатқан қария жолды кесіп өте бергенде   қатты жылдамдықпен келген көлік оны шалқасынан түсірген. Ол кезде бағдаршам жаяу жүргіншілерге жанып тұрыпты.

Тергеушілер сол жол апатына қатысы бар деген бірнеше адамды алып келіп, арнайы беттестіріпті. Жүргізушіні Самаржан Закирова жазбай таныған. Сондықтан тергеу амалдары енді ғана қолға алынды. 


Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қарт азаматты қағып кеткен көлік бір тәулік ішінде табылды. Осы көлікті жүргізгенмен зардап шеккен азаматшаны беттестіргенде ол өзін соққан рулде болған жігітті айтып танып анықтады.

Ал күдікті оқиғаға «қатысым» жоқ деп әлі бет бақтырмай отыр. Бірақ бұны тергеушілер уақытша дейді. Қазір бірнеше сараптамалардың қорытындысын күтуде. Бір айта кетерлігі, зардап шеккен адамды жеңіл жарақаттаған жүргізушілерге әкімшілік шара ғана қолданылады екен. Кісі қағып, кінәсін мойындамаған шенеунік те осындай жеңіл жазамен құтылып кетуі мүмкін.