Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осыған байланысты іс пен жүк кеден бекеті қызметкерлеріне тапсырылды.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында Бейнеу шекара отрядының шекарашылары Душанбе-Астрахань бағытында қатынайтын отарбадан Тәжікстан азаматын ұстады. Ол героин салынған 48 құтыны асқазанына салып шекарадан өтпекші болған. Жедел ақпарат бойынша, заң бұзушы 14-ші вагонда отырған. Тексеру барысында күдіктінің ағзасында бөтен заттың бар екені анықталды. Дәрігерлік тәсілдермен тұтқынның асқазанынан ішінде ақ түсті ұнтағы бар 16 құты шықты. Бұдан кейінгі тексеру нәтижесінде тағы да осындай 32 капсула табылды. Сарапшылар анықтағанындай, 48 құтыдағы ақ түсті ұнтақ - героиннің салмағы 360 грамм болып шықты. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Сарыағаш отрядының шекарашылары Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында салмағы 1 килоға жуық синтетикалық "Экстази" есірткісі мен 1,5 кило алтын бұйымдар тауып алды. Контрабандалық жүк "Лексус" автокөлігімен Өзбекстаннан келе жатқан екі Қазақстан азаматын тексеру кезінде табылды. Бұл дерек бойынша да тексеру жүргізіліп жатыр.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мамырдың 24 мен 30 аралығында Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара бұзған 209 адамды ұстады.