Өскеменнің іргесінде болған жарылыстың себеп-салдары анықталды

Арнайы комиссия мекеме қауіпсіздік ережелерін сақтамаған деп отыр. Әйтпесе, аязды күні карьерде жарылыс жасалмас еді. Өйткені суық ауада жарылыс толқыны күшейе түседі екен. Естеріңізге салсақ, өткен аптада осы жарылыс салдарынан Қасым Қайсенов кентіндегі тұрғын үйлер мен дүкендердің терезелері қираған болатын. Қиыршық тас өндіретін кәсіпорын кінәларын толықтай мойындап, зардап шеккендерге өтемақы төлеген.

Сабыржан Бекешев,
ШҚО ТЖД инспекторы:

-Жарылыс жұмыстарын жүргізген «Инцерн» фирмасы толығымен 247 мың теңге көлемінде шығындарды өтеп берді. Сондықтан халықтан және мекемелерден ешқандай арыз түскен жоқ. 

Loading...