"22 қаңтарда сағат 21.45 кезекші пультіне қалалық номер бірінші ауруханасында 1988 жылғы бір жас адамның қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Ол пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен. Сол уақытта жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында көкірек пен іш қуысына келтірілген көптеген ауыр жарақаттардан екінші бір жігіт көз жұмды. Ал үшінші жас адам көкірек тұсына келтірілген ауыр жаралармен жан сақтау бөлімінде жатыр ", - деп хабарлады Л. Поломошнова.
Л. Поломошнова айтқанындай, "шұғыл шараларды ұйымдастыру кезінде анықталғанындай, барлық зардап шеккендер "Экстрим" компьютерлік клубынан жеткізілген.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл қылмысты іске қатысы бар күдікпен алты адам құрықталды. Олардың арасындағы ең кішісінің жасы 16 -да. Полиция қызметкерлерінің болжамдары бойынша, жастар төбелес кезінде өлтірілді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.