Өскеменнің орталық көшелерін тарақан жайлап жатыр

Мына көшеден ары-бері өткендер бір қарағанда кәріз құбырларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен деп ойлап қалады. Бірақ бұл осы құбырларды жайлаған тарақандар колониясымен күрес. Арнайы қызмет мамандары бірнеше күннен бері жиіркенішті жәндіктерді улауда.  

Қызыл тарақандар алдымен көше бойындағы дүкендерге кіріпті. Сұқ саумақтай зиянкестерді көрген сатушылар бірден дезинфекция станциясына хабарлаған.

Наталья Кайзер, сатушы:

Олар сондай үлкен, қорқынышты. Көрген кезде қатты тітіркендім. Көздерін жою керек қой. Ал бүкіл қалаға тарап кетсе не болмақ, сонда?

Өскемендегі экобиоорталықтан көшені жайлап алған тарақандарға ұқсас түрін таппадық. Мұндағы бары-мадагаскарлық тарақан. Олардың ерекшілігі сол - өте баяу қозғалуында. Ал мамандар кәріз құбырларды мекендеп алған тарақандар оңтүстік шығыс Азия елдерінен тараған деп отыр.

Ширақтығы соншалық, көз ілестірмейтін қызыл-сары тарақандардың көше бойындағы құбырларды жайлауы бекер емес. Қараңғы жерде белсенділіктері арта түседі екен. Бұл жәндіктердің «сырын» білетін мамандар пәтерлерге тарап кетсе, оқыс жағдай орын алуы мүмкін деп отыр.     


Құндыз Байболова, Өскемен қалалық экобиоорталық әдіскері:

- Балалардың құлақтарына кіріп кетуі мүмкін. Көбінесе алдығы қарап жүретіндіктен артқа шыға алмай құлақты құртуы мүмкін. 

Әдетте, иін тіресіп, жорғалап жүрген зиянкестердің көзін түбегейлі құрту мүмін емес. Дегенмен қазір құбырларға хлор шелектеп төгіліп жатыр.