34 жастағы шенеуніктің бұл қызметке тағайындалғанына 10 ай болған. Елдос Чикеновтың өзі бокспен шұғылданғандықтан қарақшыларға қарсылық білдіруге тырысқан екен. Алайда кастетпен ұрғандықтан оның миы шайқалып, ал суық қару екі жерін жаралапты. Оған шұғыл түрде ота жасалынып, палатасына күзет қойылды.
Loading...