"Шағын ауыл салу үшін бөлінген 140 млн теңгеге 2008 жылдың 1 маусымына дейін 25 үй салу жоспарланып отыр. Олардың әрқайсысының құны 5 млн 600 мың теңге болады деп көзделіп отыр. Әр шаршы метрі 56 615 теңге болады. Салынған үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған өскемендіктерді ипотекалық несиелеу жолымен пайдаланылады", - деп түсіндірді әкімдікте.
Облыс басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде құрылыс салатын жерді бөлудің және коммуникация тартудың процедуралық мәселелері шешіледі. Топорафиялық, инженерлік-геологиялық және жобалық зерттеу жұмыстары дер кезінде жүргізілді.
Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов атап көрсеткендей, мердігерлер салатын үйлер үлгі ретінде болады. "Осыларды үлгі тұта отырып адамдар жеке үй құрылысының тиімділіктері мен мүмкіндіктерін көруі керек", - деді ол.
"Құрылыс мерзімі тығыз. Алайда, жүзеге асыруға болады және барлық қажетті жұмыстарды дер кезінде орындау керек", - деп атап көрсетті облыс басшысы.