"Тыйым салу себебі өтініште шығындардың жекелеген баптары бөлімінде тариф жобасын есептеудің қолданыстағы заңға сәйкес мәліметтерінің болмауы", - деп хабарлады мекемедегілер.
Заңға сәйкес өтініш 55 күн ішінде қаралады. "Өскемен-Водоканал" МҚК-на қатысты шешім сол күні-ақ қабылданған.
Бұрын хабарлағанымыздай, 5-ақпан күні "Өскемен-Водоканал" МҚК басшылығы су шаруашылығы және канализациялық жүйе қызметіне тарифті 2008 жылдың 1-сәуірінен бастап 59 пайызға ұлғайту қажеттігі жөнінде мәлім еткен болатын.
"Өскемен-Водоканал" МҚК жылдың екінші жартысында тарифті көтеру жөніндегі келесі өтінішін үстіміздегі жылдың мамыр айында беруге құқығы бар", - деп атап көрсетті мекемедегілер.