"Осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер": Мейрамбек Бесбаев жүрегін елжіреткен әжені іздеп жатыр

Әрине бәрі әуелгіде немерелерінің әзілінен басталғанды. Бұл жағдай көпшіліктің де, тіпті әнші Мейрамбектің де жүрегін елжіретіп, тебірентіп тастады.Енді Мейрамбек осы апамен тілдескісі келіп, іздеуге кірісті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Жаным апатай, сіздің сәлеміңізді әлеуметтік желі арқылы көрдім. Ақ жүрекпен айтылған аппақ тілегіңізге мың алғыс. Жанымды елжіретіп, көңілді тербетіп жібердіңіз. Аллаға шүкір, қолыма домбыра алып ел алдына шыққалы бері, кимешегі кірлемеген осындай аналарымның ақ батасын алып келемін. Ата-апаларымның ақ батасы көңілге медеу, жаныма демеу болып келеді. Видеоны көріп отырып, бауырына салып еркелетіп алатын өз әжем есіме түсіп, көңілім босады. Ұрпағыңыздың рахатын көріңіз, апа. Мен болып сөйлесіп, көңіліңізді көтеріп отырған немерелеріңіздің әзілі қандай жарасымды.😆 Айналайын аталарым, әжелерім, апаларым!Мен сіздерді өз ата-анамдай жақсы көремін. Алладан амандықтарыңызды тіледім. Ыңғайы келсе осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер жақсы болатын еді. Видеозвонокпен хабарласамын", -деп жазды әнші.