Осы аптада еліміздің алты облысында 40 градус ыстық болады


Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, 29-маусым – 1-шілде күндері Атырау облысында +40+43 градустық ыстық сақталады. 30-маусым – 2-шілде аралығында Маңғыстау өңірінде термометр көрсеткіштері +40+45 градусқа дейін көтерілмек.
Аталған үш күнде Қызылорда облысында да +45 градус ыстық болады.
Маусымның 30-ы мен шілденің 1-і аралығында Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 40 градустық аптап болады.