Осы аптада Украинаның шығысындағы атысты тоқтату қажет - Порошенко

«Біз атысты осы аптада тоқтатуымыз керек», - деді П.Порошенко жексенбі күні Киевте Украинаның шығысында бейбітшілік пен тыныштық орнату жоспарын іске асыру жөніндегі үш жақты байланыс тобының отырысында.

Президент «күн сайын Украина азаматтары көз жұмып жатыр, бұған жол беруге болмайды» деп атап өтті.

«Біріншіден, Украинаның мемлекеттік шекарасын қалпына келтіру қажет. Саяси көзқарасына қарамастан Донбасста тұрып жатқан әрбір Украина азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек», - деп мәлімдеді П.Порошенко.