Осы күзде Ақтөбеде болады деп жоспарланған ҚР мен РФ шекаралас өңірлері басшыларының халықаралық форумы қыркүйектің 21-22 күндеріне шегерілді

"Жоғарыда аталған мерзім екі елдің белгілі бір бағдарламалары мен мүдделеріне байланысты таңдалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімінің кеңесшісінің міндетін атқарушы Амантай Өтегенов облыс форумға дайындалып үлгере алмай жатыр екен деген қауесетті жоққа шығара отырып. Алғашында бұл форум қыркүйектің 12-де өтеді деп жоспарланған еді.